Жамбыл облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 800-ден астам объект бейімделген

Жамбыл облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 800-ден астам объект бейімделген

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Жамбыл облысында 852 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта елімізде Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдардағы жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

«Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында Интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген 35 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын объектілердің 20%-ы бейімделуге жатады.

Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%. Қазіргі уақытта ел бойынша 16 541 объект толығымен бейімделген.

Осы жылдың соңына дейін Жамбыл облысы бойынша 562 нысанды бейімдеу жоспарланған, өңірде жоспар артығымен орындалып, 852 нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді.

«Мен Тараз қаласында тұрамын және күн сайын әртүрлі әлеуметтік маңызы бар мекемелерге – дүкендерге, дәріханаларға, ауруханаларға бару қажеттілігін сезінемін. Әрине, мен үшін барған кезде объектілердің қолжетімді болуы өте маңызды. Жақында мен балабақшалар да, мектептер де мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болғанын байқадым. Көптеген әлеуметтік объектілерге кіру кезінде қадамдар туралы ескертулер бар, көрсеткіштер бар, бұл да өте ыңғайлы. Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізу үшін барлық жағдай жасалып жатқаны қуантады», – деді 1-топтағы мүгедек Мөлдір Тәжібекова.

Бұдан басқа мемлекеттік бақылау шеңберінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті биыл мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік және т.б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 146 тексеру жүргізді, оның ішінде жоспардан тыс 6 тексеру, профилактикалық бақылау бойынша 37 тексеру болды.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 33 ұйғарым беріліп, 11,8 млн теңгеден астам сомаға 18 әкімшілік айыппұл салынды.

Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпастан жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...