Б. Имаханов: спортшыларымыз елімізге алтын медаль әкеледі деген сенімдемін

Б. Имаханов: спортшыларымыз елімізге алтын медаль әкеледі деген сенімдемін

Әлем чемпионатына қатысатын спортшылар 25 қазаннан бері елордада оқу-жаттығу жиынын бастап кетті. Олар қазіргі таңда үздіксіз дайындық үстінде. Күніне 2 рет оқу-жаттығу дайындығында болады. Қазақстаннан 28 спортшы ел намысын қорғайды. Олардың барлығы Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшелері. Самбошылар еліміздің қоржынына алтын салуға тырысады. ҚР Ұлттық құрама командасының бас бапкері Біржан Имаханов ОКҚ брифингінде осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Қазақстан атынан жарысқа қатысушылар арасында тіс қаққан азулы спортшылар бар. Ерлер арасында әлем чемпионы Нұрбол Серіков, әйелдер арасында 2 әлем чемпионы Арайлым Әбенова мен Гүлдана Альмухамбетова ел намысын қорғайды.  

«Жас буын спортшыларымыз да бар. Өздерін халықаралық жарыстарда жақсы көрсетіп, осы Әлем чемпионатында ел намысын қорғауға жақсы дайындық үстінде. Қарағандылық спортшы Болат Сапар, Есентай Имаханов. Жауынгерлік самбодан мықты спортшыларымыз бар: Нади Райхан, Дүйсенбеков Бақытжан», – деді спикер. 

Біржан Имаханов отандық спортшылардың халықаралық деңгейде өткен жарыстардағы нәтижелерін жоғары бағалап, ерекше атап өтті. Мәселен, биыл Макаода өткен Азия чемпионатында самбошыларымыз командалық есепте бірінші орын алған. Қырғызстандағы Әлем кубогында да спортшылар алтын медаль иеленді.  

Бас бапкер барлық жанкүйерді 8 қараша күні Астана қаласы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін Әлем чемпионатын тамашалап, спортшыларымызға қолдау көрсетуге шақырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого...