Мемлекет басшысы Франция елшісі Сильван Гиогені қабылдады

Мемлекет басшысы Франция елшісі Сильван Гиогені қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция елшісін жаңа қызметімен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы екіжақты қатынастардың өте белсенді даму кезеңімен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен арадағы ынтымақтастықты жан-жақты тереңдетуге ниетті екенін жеткізіп, елші Сильван Гиогенің жауапты қызметіне табыс тіледі.

Кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы уақытта Франция Республикасына жасайтын мемлекеттік сапарының жай-жапсары талқыланды.

Президент аталған сапар Астана мен Париж арасындағы байланыстардың келешегін айқындап, қазақ-француз стратегиялық серіктестігінің нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы қазан айынан бастап «Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан...

Үкімет Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған «Халықтық құрылыс»...