Қазақстан мен Хорватия ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Хорватия ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Астана, 2026 жылғы  17 cәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Хорватия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Рефик Шабановичті қабылдады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Хорватия арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын жан-жақты талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың оң серпінін атап өтті.

Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инвестиция тарту, сондай-ақ білім, ғылым және туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне назар аударылды. Екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды жандандыру және өзара мүдделі бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.

Тараптар сындарлы диалогты одан әрі дамытуға және екіжақты әрі көпжақты форматтардағы, оның ішінде халықаралық ұйымдар аясында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайындығын  білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында департамент бастығының орынбасары Даулеткелді Абдрамановтың төрағалығымен...

Астанада мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жобаларды іске асыру...