Семсерлесуден алғаш рет Астана қаласында өтіп жатқан әлем Кубогында бірінші жүлде түсті. Ерлер арасында 277 қатысушы сайысқа қатысып, нәтижесінде Руслан Курбанов күміс жүлде еншіледі, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Отандасымыз ақтық сында Украина спортшысы Роман Свичкарьмен шеберлік байқасып, 12:15 есебімен жол берді.
Русланның әлем Кубогындағы жолы:
1/32 финал. Дмитрий Швелидзе - 15:8
1/16 финал. Филипе Фразао - 15:11
1/8 финал. Мигель Фразао - 15:10
1/4 финал. Коки Кано (2 дүркін Олимпиада чемпионы) - 9:8
1/2 финал. Давид Надь - 15:13
Айта кетейік, Руслан Курбанов 2026 жылдың ақпан айында ғана Германияның Хайденхайм қаласындағы әлем Кубогында топ жарған болатын.
Енді ертең командалық сайыстар өтеді.

