Еркін Ғаббасов Азия Пара ойындарының алғашқы алтын жүлдесін еншіледі

Еркін Ғаббасов Азия Пара ойындарының алғашқы алтын жүлдесін еншіледі
Айчи-Нагоя Азия Пара ойындарында пневматикалық мылтықпен 10 метр қашықтыққа нысана көздеуден R1 дисциплинасында Еркін Ғаббасов 249.1 ұпай жинап, чемпион атанды. Оған қоса, ол жарыстың рекордын орнатып, Лос-Анджелес-2028 Паралимпиадасына жолдама алды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Екінші орынды Корея елінің спортшысы Парк Джинхо(248 ұпай), үшінші орынды Ли Джанхо(226 ұпай) алды.

Бұған дейін Еркін Ғаббасов Парарлимпиадада пара нысана көздеуден күміс медальді жеңіп алған болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ