Бокстан жасөспірімдер құрамасы Түркістан облысында жаттығу жиынын аяқтады

Бокстан жасөспірімдер құрамасы Түркістан облысында жаттығу жиынын аяқтады

Бокстан кіші жасөспірімдер құрамасы Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш жас дәрежесінде салмақтардың өзгеруіне байланысты 5-9 шілде күндері Алматыда қосымша іріктеу турнирі өтеді. Осы жарыстың қорытындысы бойынша жаңа құрам жасақталады.

Команда 6-20 тамыз аралығында Алматы облысындағы Республикалық олимпиадалық даярлық орталығында қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Бұл жұмыстың барлығы Азия чемпионатына бағытталған. Тамыз айында жасөспірімдер Абу-Дабидегі (БАӘ) құрлықтық біріншілікке қатысады.

Бокстан Қазақстан кіші жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы - Жақсылық Молдаханов.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...