Александр Бублик галледегі АТР турнирін жеңіспен бастады

Александр Бублик галледегі АТР турнирін жеңіспен бастады

Теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан теннистен АТР 500 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы австралиялық Макс Пёрселлмен кездесіп, екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Есеп - 7:6, 6:4. 

Келесі айналымда Бублик америкалық Кристофер Юбенкспен жолығады. 

Айта кетелік, Александр Бублик былтыр осы турнирде топ жарған болатын. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...