Эльжана Таниева Әлем кубогінің соңғы кезеңіне қатысады

Эльжана Таниева Әлем кубогінің соңғы кезеңіне қатысады

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Эльжана Таниева Италияның Милан қаласында өтетін әлем кубогінің соңғы кезеңіне қатысады, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Дүбірлі дода 21-23 маусым аралығында өтеді. Қазақстан сапынан тек бір спортшы бақ сынайды. 

Айта кетелік, Эльжана Таниева Париж Олимпиадасында өнер көрсетеді. Ол Ташкентте (Өзбекстан) өткен Азия чемпионатында квота жеңіп алған болатын. 

Таниева ұлттық құраманың бас бапкері Әлия Юсупованың жетекшілігімен жаттығады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында...

Қазақстан Дүниежүзілік банк тобының Metals and Minerals Compact жаһандық бастамасына қосылған Орталық Азия бойынша алғашқы ел атанды, деп хабарлайды ...