Әйелдер күресінен Қазақстан командасы жастар арасындағы құрлық додасында жеті медаль жеңіп алды

Әйелдер күресінен Қазақстан командасы жастар арасындағы құрлық додасында жеті медаль жеңіп алды

Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Амманда (Иордания) өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Камила Апекова (50 келі), Шұғыла Өмірбек (57 келі) және Тыныс Дубек (62 келі) күміс жүлдегер атанды. 

Қола медаль иегерлері қатарында Зейнеп Баянова (53 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Бейбіт Сейдуалы (68 келі) және Алина Ертөстік (76 келі) бар. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында...