Қазақстанда алғаш рет халықаралық биатлоншылар одағының курсы өтеді

Қазақстанда алғаш рет халықаралық биатлоншылар одағының курсы өтеді

Қазақстанда алғаш рет жас жаттықтырушыларға арналған Халықаралық Биатлоншылар Одағының курсы өтеді, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

7-12 шілде аралығында Щучинсктегі Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының базасында Халықаралық Биатлоншылар Одағының жас жаттықтырушыларға арналған курсы өтеді.

Іс-шараға 20-ға жуық қазақстандық жас жаттықтырушылар, сондай-ақ Грузия мен Қырғызстаннан келген мамандар қатысады.

Германия, Австрия және Норвегиядан келген үздік лекторлар өз білімдерімен бөлісіп, құнды тәжірибелерімен алмасады.

Айта кетелік, әлемдік федерация ұйымдастыратын курс Қазақстанда тұңғыш  рет өтеді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол вокзалдары мен олардың инфрақұрылымын абаттандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда бүкіл ел бойынша 124...

Арнайы мониторинг топтары еліміздің барлық өңірлеріндегі сайлау учаскелерін аралап, олардың мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімділігін тексерді. Топтар Құрылтай...