Елдос Сайдалин: Боксшы қыздарымыз Олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиынын өткізеді

Елдос Сайдалин: Боксшы қыздарымыз Олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиынын өткізеді

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Париж қарсаңындағы ең соңғы жаттығу жиынына кіріседі. Бұл туралы команданың бас бапкері Елдос Сайдалин айтты, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Олимпиада алдындағы жаттығу жиыны 9-21 шілде аралығында өтеді.

"Жақында ғана Жанашар ауылындағы базада екі апталық жаттығу жиынын ойдағыдай өткіздік. Олимпиадаға баратын үш боксшымызға командаластары көмекке келді. Қазір құрама мүшелері аздаған үзіліс алды. 8 шілдеде қайта жиналамыз. 21 шілдеде Парижге ұшып кетеміз. Кейін сол жақтағы жағдайға қарай жаттығуды жалғастырамыз. Боксшы қыздарымыздың жағдайы жақсы. Оларды Олимпиадаға нағыз бабында апару- біздің міндетіміз. Олимпиада ойындарына үш қызға спаррингтік серіктес болатын тағы үш боксшыны алып кетуді жоспарлап отырмыз. Әзірге, нақты кімнің баратынын ақылдасудамыз",  - деді бас бапкер. 

Еске сала кетейік, Париж Олимпиадасында бокстан Қазақстан әйелдер құрамасынан үш спортшы сынға түседі. Олар: Назым Қызайбай (50 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Валентина Хальзова (75 келі).

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...