Эльжана Таниева Румынияда өткен шақырту кубогінде алтылыққа енді

Эльжана Таниева Румынияда өткен шақырту кубогінде алтылыққа енді

Румынияда өткен көркем гимнастикадан шақырту кубогінде қазақстандық Эльжана Таниева өнер көрсетті, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Таниева көпсайыс қорытындысы бойынша 9-орынға табан тіреді. Ал шығыршықпен жаттығуда финалға шығып, 33.4 ұпаймен алтыншы орынға табан тіреді. 

Айта кетелік, Румыниядағы бәсекеге Париж ойындарына жолдама алған барлық гимнаст қатысты. 

Ал бұл турнир Олимпиада қарсаңындағы ең соңғы жарыс саналады. 

Еске салайық, Эльжана Таниева Ташкентте өткен Азия чемпионатында Олимпиада жолдамасын иеленген болатын. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп, елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруда....

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа оқу жылының басталуына дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды ...