Анна Данилина Будапешт додасының жартылай финалына өтті

Анна Данилина Будапешт додасының жартылай финалына өтті

Анна Данилина Будапешттегі (Венгрия) WTA 250 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева ширек финалда германиялық Лена Пападакис – америкалық Джесси Энеймен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:2 есебімен басымдылық танытты. Олар екінші сетте де сол қарқынынан танған жоқ – 6:4. 

Данилина – Хромачеваның жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...