Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатында екінші орын алды

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатында екінші орын алды

Таиландта грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған сында қазақстандық балуандар 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. 

Юсуф Ашрапов (67 келі) пен Ерасыл Жеңіс (82 келі) алттын жүлдегер атанды. 

Арсен Жұма, Бағылан Қуанышев, Рахат Бержанов пен Джохар Узаровтың еншісінде күміс бар. 

Ал Айбек Айтбеков, Тайым Амангелді және Диас Сейітқалиевтер турнирдің қола жүлдегерлері атанды. 

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 185 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...