Дзюдошылар Францияда соңғы жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Дзюдошылар Францияда соңғы жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Францияда Олимпиада алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда дзюдошылар Францияның Мез қаласында арнайы бағдарлама бойынша Олимпиадаға дайындықтарын пысықтауда. 

Отандық дзюдошылар арасынан алғаш болып Абиба Әбужақынова (48 келі) мен Елдос Сметов (60 келі) татамиге шығады.

Айта кетелік, Париж Олимпиадасының 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Жазғы ойындарға Қазақстан сапынан спорттың 25 түрінен 80 атлет қатысады. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...