Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола  жүлдегері атанды, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

66 келі салмақта белдескен Ғұсман кіші финалда сербиялық Страхинья Бунчичті «ваззари» ұпайымен жеңді. 

Осылайша, ол өз мансабындағы ең ірі жеңістерінің біріне қол жеткізіп, Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. 

Бұл Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасы жеңіп алған үшінші медаль. 

Кеше Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Александра Ле мен Ислам Сәтпаев нысана көздеуден қола жүлде жеңіп алды. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2026 жылғы 17 қазанда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Асарлату» экологиялық іс-шарасы ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру...