Бокс: Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті

Бокс: Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті

Париж Олимпиадасында әйелдер боксынан ел намысын қорғап жатқан Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

50 келі салмақта бақ сынаған Назым 1/8 айналымда бразилиялық Каролин де Алмейдамен кездескен болатын. 

Қызайбай алғашқы раундта 5:0, екінші раундта 4:1 есебімен алға шықты. 

Үшінші раундта да төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Назымға берді. 

Осылайша, қазақстандық боксшы Олимпиаданың ширек финалына шықты. Оның ендігі қарсыласы - колумбиялық Валенсия Виктория Ингрит Лорена.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...