Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарында чемпион атанды

Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарында чемпион атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі – 188 келі. 

Айта кетелік, Дегтярев өз мансабында екінші рет Паралимпиада ойындарында жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін ол Токиодағы пара ойындарда топ жарған еді. 

Қазақстан құрамасының еншісінде екі медаль бар. Бұған дейін мерген Еркін Ғаббасов күміс жүлде еншілеген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қоғамдық-саяси науқандар мен маңызды сайлаулар кезінде әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, ел болашағына бейжай қарамауы маңызды. Осы орайда алдағы...