Еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатында «алтын» алды

Еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатында «алтын» алды

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Албанияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

97 келіге дейінгі салмақта оған тең келер спортшы болмады. 

Шешуші жекпе-жекте оған Ираннан келген Махди Морафа қарсы тұрды. Айтмұхан 11:6 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетсек, былтыр Ризабек 92 келіге дейінгі салмақта ересектер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған. Қазіргі маусымда ол 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында «алтын» алды. 

Тиранадағы додада ол жеңіс тұғырын бағындырған алғашқы қазақстандық болып отыр. 

Одан бөлек ол еркін күрестен «алтын» алған жастар арасындағы алғашқы балуан.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

23 августа в Казахстане состоятся выборы депутатов Курылтай. В этот важный день политической кампании в ряде городов и районов Туркестанской области общественный...

Енді отын қозғалысын өндіру мен тиеуден бастап, өңірлерге жеткізу және халыққа сатуға дейінгі бүкіл тізбек бойынша бақылауға болады. Бұл ауытқуларды жедел анықтауға,...