Бір әріптің маңыздылығы

Бір әріптің маңыздылығы

Күні кеше футболдан Чемпиондар Лигасының финалында «Бавариядан» жеңілген «ПСЖ»-ның сұрмергені бразилиялық Неймар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Баварияны» (ағылшын тіліндегі клубтың жазылуы Bayern) құттықтаймын деп Леверкузендік «Байерді» (ағылшын тіліндегі клубтың жазылуы Bayer) құттықтап жіберді. «Байер» де бұл ыстық лебізді түсінбей жауап қатыпты. Алайда, Леверкузендік команда мәрттік жасап бразилиялық «жұлдызға» рақметін де айтуды ұмытпапты. Осылайша Неймар бір ғана әріптен қате кетіп мүлде басқа командаға тілек жазып, күллі әлем жанкүйерлерінің алдында күлкіге қалды.

 

No-comment.kz

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан, баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға...

«Жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болады», – делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы...

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Халықаралық қаржы ұйымдарымен...