Мемлекет басшысы Digital Aqmola орталығында болды

Мемлекет басшысы Digital Aqmola орталығында болды

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Digital Aqmola орталығында Ақмола облысын цифрлық жаңғырту жоспары баяндалды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент «103», «109», «112» жедел қызметтерін ортақ платформаға топтастырған І-Komek бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты.

Digital Aqmola жобасы көлік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, қауіпсіздік, экология және денсаулық сақтау сияқты негізгі салаларға орталықтандырылған мониторинг жүргізеді. Аталған орталық Ақмола облысының үш жыл ішінде толық цифрлық өңірге айналуына мүмкіндік береді.

Облыс әкімі Марат Ахметжанов «Дихан-Плюс» шаруа қожалығының тәжірибесі негізінде аграрлық салаға жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылғанын айтты. Соның нәтижесінде өнімділікті арттыратын, кәсіпорынның кірісін ұлғайтатын және бюджетке қосымша табыс әкелетін агротехникалық шешімдер әзірленді. Осы жүйені Ақмола облысындағы шаруа қожалықтарға кеңінен тарату жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа инвестиция тарту, өңдеу, агроөнеркәсіп кешені мен құрылыс саласында жаңа жобалардың қолға алынғаны жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға баспана беру, Көкшетауда жаңа ЖЭО құрылысын салу, облыс орталығы мен басқа да елді мекендерді сумен және жылумен қамтамасыз ету, медициналық, спорттық нысандар құрылысын жүргізу, инфрақұрылымды дамыту шаралары жайында баяндалды.

Бұдан кейін телекөпір арқылы Қосшы қаласын табиғи газға қосу рәсімі өтті. Атап айтқанда, елді мекендегі газ реттеу нысанының алғашқы кешені іске қосылды. Ұзындығы 409 шақырым болатын магистральді желі арқылы сағатына 32 800 текше метр көгілдір отын тасымалданады. Жобаның жалпы құны 11,4 миллиард теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, 2021 жылы 27 шілде күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қосшыға облыстық маңызы бар қала мәртебесі берілген болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан, баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға...

«Жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болады», – делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы...

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Халықаралық қаржы ұйымдарымен...