ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – БАСТЫ МІНДЕТ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – БАСТЫ МІНДЕТ

Сыбайлас жемқорлық жалпы қылмыспен қатар Қазақстанда мемлекеттiк билiк және қоғам үшiн қауiптi.

Қазiргi заманғы Қазақстан қоғамында сыбайлас жемқорлықтың себептерiнің бірі – Қазақстан Республикасындағы адам және азамат құқықтары саласында халықтың құқықтық мәдениетiнiң төмен деңгейi болып табылады. Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және құқықтық ағартуға, әсіресе, халықтың күнделікті өмірінде неғұрлым сұранысқа ие қолданыстағы құқықтың салалары мен нормалары бойынша жеткілікті көңіл бөлінбей келеді.

Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтын борышы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.

Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ісі екенін түсіну керек.

Тек бүкіл қоғам бірігіп сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді.

 

А.НАУШАБАЕВА,

Әл-Фараби ауданы бойынша МКБ

Құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімі

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Нью-Дели, 2025 жылғы 6 маусым – Үндістанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Орталық...

Шакирова  Асия  Мунавирқызы Жаратылыстану бағытындағы биология және химия пәндерін оқытуда кәсіби шеберлігін шыңдап, әріптестеріне үлгі болып жүрген...