Қоғам болып күресер індет

Қоғам болып күресер індет

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында: Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түспейтінін айрықша атап өткен.

Қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай мемлекет тарапынан осынау қауіпті кеселдің алдын алу мен оны болдырмау жөнінде нақты шаралар жүзеге асырылуда. 2014 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» басты ерекшеліктеріне қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жатады. Бұл стратегиядан оқып ойға түйетініміз қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінетіндігі.

Сыбайлас жемқорлық  – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

Мемлекеттің дамуы, өсіп-өркендеуі мемлекеттік қызметшілердің  сауаттылығына, біліктілігі мен білімділіне,  жауапкершілігіне, отансүйгіштік қасиеттеріне байланысты екені белгілі. Дүние жүзіндегі  сыбайлас жемқорлықпен күресте өте жақсы деңгейде яғни тиімді нәтижелерге қол жеткізген мемлекеттерді алып қарайтын болсақ, барлығы да мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру, қатаң талап қоюмен қатар олардың жалақысын елдегі-өңірлердегі түскен салықпен, бизнес саласындағы орташа жалақымен байланыстырып қойған. Демек, әр өңірдің экономикалық жағдайлары көтерілген сайын, мемлекеттік қызметшілердіңде еңбекақысын көтерсе, сайып келгенде сыбайлас жемқорлықпен күресті азайтуға немесе онымен күресті көтеруге ынтасы арта түсер көріністерді көруге болар еді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында мүдделер қақтығысы «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін» деп айқындалады.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...