Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, қала аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуын күшейту жөніндегі қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданындағы мобильді топ кәсіпкерлік нысандарды аралап, карантиндік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кезекті мониторинг барысында нысан иелері мен қызметкерлеріне күнделікті санитарлық талаптарды және қаулыда көзделген міндеттемелерді бұлжытпай орындауды тапсырды.
Қаратау ауданы аумағында 1039 кәсіпкерлік нысан бар. Ауданда 10 мобильді топ құрылып, карантин талаптарын сақтау туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, 2021 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында мобильдік топ карантин талаптарын сақтамаған 522 нысанды анықтады.