Қазақстандық блогер Ораз Әлімбеков азаматтық белсенді Жанболат Мамайдың әлеуметтік желілерде таратып жатқан «журналистік зеттеулеріне» қатысты пікір білдірді.
Блогердің пікірінше, Мамай демократияны популизм деп түсінеді.
«Ол өзінің журналистік зерттеусымақтарын ақиқатқа жету үшін емес, саясаттағы популистік бағытты күшейтуді мақсат тұтып жасайтын секілді. Популизмнің соңы қазақтың "Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айырылыпты" дейтін аталы сөзіне дәл келеді. бар. Дәл осылай Жанболат Мамай Навальный сияқты билікті әшкере етемін деп, сақалынан айырылып отырған жайы бар. Әйтеуір елде белгілі бір дәреже мен жетістікке жеткен азаматтарға тиіседі де жүреді. Бірақ оңды нәтиже жоқ», - деп жазды ол фейсбуктегі парақшасында.
Сондай-ақ, ол Ж.Мамайдың «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке қисынсыз жала жауып, нәтижесінде ар-намысы, абыройы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіргені үшін сотта жауап бергенін еске салды. Айта кетейік, сотта Жанболат Мамайдың әлеуметтік желіде жариялаған ақпараттары шындыққа сәйкес келмейтіндігі, Бауыржан Байбектің ар-намысына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретіндігі дәлелденіп, әлеуметтік желідегі видеоларды өшіруді міндеттеп қаулы шығарды.
«Әрине жеңілетіндей себеп бар. Өйткені Ж. Мамай көрші елдің оппозиционері Навальныйға еліктеп, бәрін тас талқан етемін деп ойлады. Алайда, ол оңбай қателесті. Оның «журналистік зерттеулеріндегі» мәліметтер дақпырт өсек таситын телеграмм арнадан алынған. Бұл жағдай зерттеудің сенімділігіне күмән туғызады. Мамай кәсіби журналист ретінде мұны білуге міндетті еді. Өзінің абыройы мен беделін ойлайтын кез-келген кәсіби журналист мұндай қателік жасамайды. Байбек мырзадан жеңілуі Мамайға сабақ болмаған сияқты. Әлі де өзіне көп назар аударғысы келген Жанболат Мамай кезекті «зерттеуін» түсіріп шабуылдауын жалғастыруда», – деп қосты Әлімбеков.
Айта кетейік, осыдан бірер апта бұрын Мамай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа қатысты бірқатар айыптаушы ақпарат таратқан еді. Осыдан кейін әкім журналист Нартай Аралбайұлының YouTube-каналына арнайы сұхбат беріп. Мамайдың жаласына қатысты пікір білдірген болатын.
«Қазақта бір сөз бар, «ит үреді, керуен көшеді» деген. Мен әлі ойланармын. Қазақстанның жартысын, Қызылорданың 90 пайызын маған іліп қоя бергенді білмеймін. Егер мен миллиардер болсам әкім болмас едім деп айтқаным бар», - деді Б.Сапарбаев.
«Бұл жерден Сапарбаевтың Мамайды ерте ме, кеш пе сотқа беретін секілді. Мамай дәлелдерінің нашарлығынан тағы да жеңіледі. Мұның бәрі популизмнің кесірі. Айтпақшы, осыдан біраз уақыт бұрын ұлтжанды азаматтарымыздың бірі Жанболат Мамайдың популизм сөзінің мағынасын түсінбейді деген болатын. Сол сөз рас екен. Жанболат өз амбициясына жету үшін қарапайым халықты алдап, бір бірімен қырылыстырып қою оған түк те емес. Оның мақсаты қоғамдағы тұрақсыздық», - деп жазды Ораз Әлімбеков.