Жаңа Қазақстан құру болашақтағы тағдырымызды шешетін аса маңызды жұмыс. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII Съезінде айтты.
«Қазір бүкіл әлемдегі ахуал өзгеріп жатыр. Жаңа құндылықтармен қатар күрделі сын-қатерлер пайда болуда. Осындай аумалы-төкпелі уақытта еліміз дамудың келесі кезеңіне қадам басты. Біз Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Бұл - өте ауқымды міндет. Тіпті, болашақтағы тағдырымызды шешетін аса маңызды жұмыс деуге болады. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін жаңа мақсат-міндеттерімізді айқындап алуымыз қажет. Партия барлық реформаға ұйытқы болуы тиіс. Бұл үшін өзгерісті алдымен өзімізден бастаумыз керек. Сондықтан негізгі міндет - партияны жаңғырту. Заман, қоғам, адам өзгеріп жатқанда партияның өзгеруі заңдылық. Бұл - уақыт талабы», - деді Мемлекет басшысы.