Шымкентте тұрғындар бір тәуліктен бері көгілдір отынсыз отыр

Шымкентте тұрғындар бір тәуліктен бері көгілдір отынсыз отыр

Шымкентте тоғыз көпқабатты тұрғын үй газдан ажыратылды. 108 пәтер бір тәуліктен бері көгілдір отынсыз отыр. Себебі жұмысшылар су жылыту қазандығын орнатқанда салғырттыққа жол берген, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Олар пәтердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, су мен газ құбырларын ауыстырып алған. Салдарынан құбырды түгел жайлаған су, есептегіш құрылғыларына дейін өтіп кеткен. Көршілердің шағымынан кейін бүкіл тұрғын үй аумағын ажыратып, тексеру жұмыстарын жүргізу керек болды.

Мамандар газ жүйесін толық құрғатып, қалпына келтіру жұмыстарын бастайды. Қайта жөндеу жұмыстарының толық шығынын кінәлілер өтейді.

Шымкентте жыл басынан бері дәл осындай 163 оқиға тіркелді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан, баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға...

«Жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болады», – делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы...

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Халықаралық қаржы ұйымдарымен...