2 млн 287 мыңнан астам қазақстандық карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды

2 млн 287 мыңнан астам қазақстандық карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды

Биыл шілдеде карантиндік шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айрылған 2 520 мыңдай адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) біржолғы төлем алуға өтініш берген. Төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Ал, төлемді 2 млн 287,9 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 271,1 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 520 мың өтінімнің ішінде:

  • 835 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;
  • 646,2 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
  • 386 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
  • 652,7 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

  • 835 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);
  • 235,2 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;
  • 1 млн 449,9 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 300,7 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 287,9 мың қазақстандыққа аударылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...