Шымкентте еңбек инспекторлары 150-ге жуық заңсыздықты анықтады

Шымкентте еңбек инспекторлары 150-ге жуық заңсыздықты анықтады

Шымкент қаласында қаңтар-маусым айында еңбек инспекция және көші-қон басқармасына 581 азаматтан арыз-шағым келіп түскен.

Басқарма мамандарының тексеру жүргізу нәтижесінде 146 заңбұзушылық анықталып, оның 96-ы жойылды. Оларға 67 нұсқама беріліп, 1,8 миллион теңгеге 22 әкімшілік айыппұл салынған.

Қазіргі таңда 6 кәсіпорында 38 жұмыскердің жалақы бойынша 3,8 млн.теңге берешегі бар екенін анықтады. Аталған мекеме жетекшілеріне ұйғарымдар шығарып, қарыздарды өтеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде биыл 16 наурыздан бастап азаматтардың 121 өтініші қаралған, оның ішінде: еңбек қатынасы – 85, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау – 30, халықты жұмыспен қамту бойынша – 6.

Сонымен қатар,  қала әкімдігінің тәулік бойы қызмет көрсететін біріңғай байланыс (cаll-center) орталығына 425 жеке және заңды тұлғадан қоңырау келіп түскен. Олардың бірі еңбек демалысына шығуға мәжбүр ету, қысқартулар жөнінде сауал қойса, кейбірі жұмыстан босату сынды мәселелерімен хабарласқан.

Одан өзге, басқарма мәліметіне сәйкес, халық пен билік арасындағы ашықтықты сақтау мақсатында Басқарма басшысымен бүгінгі күнге дейін әлеуметтік желілерде 27 тікелей эфир өткен. Онда үш жүзден аса оқырман өз сұрақтарына жауап алған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай жүгіру...

«Интер Майами» добился крупной победы и лидирует в МЛС. Нью-Ингленд Революшн — Интер 1:4 Через неделю «Интер Майами» ждет первое в нынешнем сезоне испытание повышенной...