Ел аузында: Сіз кімсіз, Өтенбаев?

Ел аузында: Сіз кімсіз, Өтенбаев?

Шымкент қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып тұрған кезінде «тұрғын үйлердің шатырын қыздардың биік өкшелі аяқкиімдері тесті» деген сөзімен ел есінде қалып кеткен Ғалымжан Өтенбаев бүгінде Шымкент қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарып жүр.

 

Ұзынқұлақтың айтуы бойынша, осы Ғалымжан Әмірбекұлы, сондай -ақ, бір кездері істі болып, бірі ақталған, бірі сотталған Рабаев, Орманшина, бәрі  көңілдері жақын дос-жар адамдар көрінеді. Адамдардың аяғымен емес, аузымен жүретін заманы емес пе, Ғалымжан Өтенбаев туралы әңгімелер мұнымен бітпейді. «Ойбай, несін айтасың, Ғалымжан мегаполисте құрылыспен айналысатын біраз мердігерге «қырғидай тиіп», «қымбат сыйақы» талап етіп қинайды екен де, Рабаев, Орманшина секілді «дастарқандастарына» келгенде көл-пал бола қалады екен» деп жүрген де сол ұзынқұлақ.

 

Сондай-ақ, оның құрылыс басқармасынан құрылысты бақылау басқармасына ауысқанынан да саясат іздеп, «ол бұрынғы жұмысының кем-кетігін жасыру  үшін осындай қадамға әдейі барды» деп өсектеушілер де кездеспей қалмайды. Өсекшілерді осылай өсек айтатын болған соң жек көреміз де.

 

Оның осындай «бөтен құрылысшыларға күн көрсетпейтіні» қала әкімі Мұрат Әйтеновтің де құлағына тиіпті-міс. Бұған қатты шамырқанған Мұрат Дүйсенбекұлы «өз құрылыс компанияларын ғана құдасындай сыйлайтын  бұл қайдан шыққан мықты?» деп айтып салыпты дегенді де құлағымыз шалып қалады. «Әй, өтірік шығар» дейміз, шын болса қала басшысы оны әлдеқашан креслосынан ырғап-ырғап жұлып алар еді ғой! Жұлып алмағанына қарағанда... Өтірік шығар.

 

Құрылысшылар әкімнен емес дәл осы Ғалымжаннан аяғын тартады деген де әңгімені естіп қаламыз.

 

Иә, қалай болғанда да біз желмен жеткен бұл сөздерге сенбейміз. Өйткені, осы уақытқа дейін Ғалымжан Өтенбаевтың қызметіне қатысты күмән туғызатын жағдайлар орын алмаған. Ол біздіңше қаладағы қаншама құрылыс жұмыстарының жүйелі жүргізілуіне үлес қосып, адал қызмет атқарып келе жатқан білікті маман.

 

No-comment.kz

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасы аясында ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге...

Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуімен бірге, қаланың бас жоспары қайта жаңартылып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы...