Шымкент қаласына екі дүркін әкім болған Ғабидолла Әбдірахымов ел есінде несімен қалды? Айтайық.
Шымкент қаласын басқарған уақытында Әбдірахымовтың пиары мықты болғаны жалған емес. Велосипед айдады, шенеуніктерді автобуспен жүргізді, ол аз десеңіз сол автобустың артынан өзі жүгіріп халықты күлкіге қарық қылды. Шымкентті Лас-Вегас қылам деді, Диснейленд салам деді, әйтеуір уәделер беріп-беріп қызметінен кетті. Жай кеткен жоқ, биліктен сөз естіп кетті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазір бастысы – халық пен билік арасындағы диалог. Сіздер жақсы білесіздер, Ғабидолла Әбдірахымов ел билігі тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Өкінішке қарай, ол соны жеткілікті түрде түсіне алмады... Ондай әрекет Мемлекет басшысы қойып отырған талаптарға сай келмейді және биліктің беделін төмендетеді. Қазір Әбдірахымовқа деген сенім жоғалды» деген болатын сол кездегі Президент Әкімшілігінің жетекшісі Қырымбек Көшербаев.
Көшербаевтың осы сөздерінен кейін көпшілік Әбдірахымовты енді мемлекеттік қызметке жақындай алмайтынын айтып, қызу талқыға да салған. Бірақ, Ғабидолла Рахматоллаұлы Премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне отырды. Әлі де сол орында.
Ұзынқұлақ «зың әкімнің» Шымкентке үшінші рет әкім болғысы келіп жүргенін айтады. Бұл әңгіменің қаншалықты рас екені енді уақыт еншісінде.
No-comment.kz