Айтахановтың айтулы істері

Айтахановтың айтулы істері

Ерлан Айтаханов 2019-2020 жылдары Шымкент қаласын басқарды. Айналдырған 5 айдың ішінде Е. Айтаханов қандай істерімен есте қалды?

Ерлан Қуанышұлы мегаполиске әкім болып тағайындалған күннен бастап Шымкенттің шалғай жатқан елдімекендеріне аса назар аударып, олардың инфрақұрылымын ретке келтіруге кірісті. Ол Мемлекет басшысына шаһардың үшжылдық даму жоспарын ұсынып, бюджетті оңтайландыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Қаладағы төрт ауданның әрқайсына өзекті мәселелерді шешу мақсатында 1 миллиард теңгеден бөлді.

Қала әкімі болып тұрғанда «Егер экономика құлдыраса, оны аяққа тұрғызуға болады. Ал, руханият бір шайқалса, оның зардабы ғасырларға созылуы мүмкін» деп айтқан Ерлан Айтаханов руханият саласының ілгері басуына көңіл бөлді. Ақын-жазушылармен етене жақын жұмыс істеп, саябақтан «Мәртебелі поэзия мінберін» ашып, жас ақындар антологиясының жарық көруіне үлес қосты. Сондай-ақ, бүкіл қазаққа ортақ, еліміздің түкпір-түкпіріндегі ақын-жазушылардың қанатты сөздерін Шымкенттің орталық көшелеріне баннерге жазғызды. «Шымкент – қайырымды қала» идеясының авторы да дәл осы Айтаханов.

Сонымен қатар, Е. Айтаханов «Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мəртебесіне ие болуы, Түркістанның облыс орталығы атануы – олардың арасына жік салу үшін жасалған жоқ, керісінше, оңтүстік өңірін заман талабына сай дамытуда жасалған қадам екенін ұғынуымыз қажет. Рухани байланыс – өте нəзік мəселе. Бұл тұрғыда жіберілген кішкентай қателік кешірілмейді. Бұдан былай еліміздің дамуына серпін беретін шараларды түркістандық ағайынмен бірлесе өткізейік» деп айтқан болатын. Тек айтып қоймады, іспен дәлелдеді. Ол Түркістан облысымен бірлесіп Шымкент қаласында әр апта сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырды. Дегенмен, жарқын бастамаларының толыққанды нәтижесін көрсетуге 5 айдай ғана уақыт аздық етті. Бүгінде ол мемлекеттік қызметте емес.

 

No-comment.kz

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасы аясында ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге...

Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуімен бірге, қаланың бас жоспары қайта жаңартылып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы...