Халықтың депозитінен миллиондап ақша ұрлаған банк қызметкері ұсталды

Халықтың депозитінен миллиондап ақша ұрлаған банк қызметкері ұсталды

Қазақстандық банктердің бірінде жұмыс істеп жүріп, салымшылардың шотынан ірі көлемде ақша ұрлаған әйел Дубай қаласында ұсталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тергеу материалдарына сәйкес, 57 жастағы әйел бірнеше жыл бойы өз клиенттерінің депозитінен ақшаны басқа есепшоттарға аударып отырған. Шығынның жалпы көлемі 32 миллион теңгеден асыпты. "Қылмыстық жазадан құтылмақшы болған әйел Біріккен Араб Әмірліктеріне қашып кеткен. Содан Интерпол арқылы халықаралық іздеу жарияланған болатын. 18 қыркүйекте Қылмыстық кодекстің 189 бабы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену немесе талан-таражға салу" бойынша іздеуге салынған банктің бұрынғы қызметкері Дубай қаласында ұсталып, Қазақстанға депортацияланды", - дейді полицейлер. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталды. Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда банк менеджері клиенттердің шотынан ақша ұрлады деген күдікке ілінген еді. Тергеу нұсқасы бойынша, елордалық банктердің бірінің менеджері бірнеше ай бойы қызметтік жағдайын пайдаланып, клиенттердің қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

Полицияның ақпарынша, ол салымшыларға арналған түрлі банк операцияларын жүргізе отырып, бір уақытта ақша ұрлаумен айналысқан. Айта кетейік, Қазақстанның Бас прокуратурасы азаматтардың шағымдарынан кейін коллекторлар мен жеке сот орындаушыларының қызметіне тексеру жүргізген болатын. Қадағалаушы орган олардың қызметіндегі заң бұзушылықтарды анықтады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Вице-премьер Қанат Бозымбаев, «Astana Group» негізін қалаушысы және төрағасы Нұрлан Смағұлов, «Банк ЦентрКредит» директорлар кеңесінің төрағасы...

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы негізінде Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, ауыл шаруашылығы...