"Әкімдіктен үй сұрадым": Баспанасыз жүрген қазақстандық жұлдыздар кімдер?

"Әкімдіктен үй сұрадым": Баспанасыз жүрген қазақстандық жұлдыздар кімдер?

Әншілер де пәтер жағалап жүр. Биліктен үміт үзген әншілер өз күшімен үй салып, жыртығын жамағанын айтады. Бірнеше жылдан бері пәтер жалдап тұрып жатқан өнер иелері әлі де бар.

Бұл туралы stan.kz жазды. 

Қазаққа белгілі дәстүрлі әнші Еркін Шүкіман бірнеше жыл баспанасыз тұрып келді. Отбасымен пәтер жалдады. Әкімдіктен көмек сұрағанымен, құлақ асар ешкім болмады дейді ол.

"Мен қанша жыл пәтерде тұрып келдім. Мен ғана емес, Ерлан Рысқали сияқты танымал әншілердің біразы баспанасыз жүрді. Әкімдіктен екі рет үй сұрап бардым. Олар кезекке тұру керек екенін айтты. Оған жылдар кетеді. Қайран болмаған соң шешемнің жиған ақшасына жер алып, үй сала бастадық. Өнер иелеріне биліктен қолдау болса, олар өнерін дамыта түсер еді. Өнер иелері демеу таппаған соң халықты өнерімен сусындата алмайды", - деді Еркін Шүкіман. 

Баспанасыз әншілердің қатарында әнші Райм Уайс бар. Ол тапқан табысының тең жартысын пәтерақыға береді. 

"Пәтер жалдап тұрамын. Пәтер бағасы қымбат. Тапқам ақшамның жартысы пәтерге кетеді. Өнер иелерінің жағдайын ешкім қолдамайды. Сондықтан әншілер саусағын бүгін ұстайды", - деді Райм Уайс. 

Жақында Мейрамбек Бесбаев өнер иелерінің баспанасыз жүргенін айтып, қала басшылығына өкпесін жеткізді. 

"Үлкен шахарда еңбегі сіңген әншілерге қуықтай баспана бұйырмай тұр" деп жазды. Сөзін жерге тастаған қала басшылығына ренішін жазды. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...