Шымкент: Шаңы шыққан арықтарға кім жауапты?

Шымкент: Шаңы шыққан арықтарға кім жауапты?

Шымкент - еліміздегі жасыл қалалардың бірі. Десе де қаланың  ирригациялық жүйесіндегі мәселелер жоқ емес. Шымкент көшелеріндегі арықтардың табаны қурап қалғанына бірнеше жыл болды. Бұрын шаһардың орталық көшелерін айтпағанда ішкі көшелерінің өзінде су сарқырап жататын. Есесіне көше бойындағы жасыл желектер жайқалып тұратын. Соңғы жылдары ол арықтар жаңбыр, қар суын ағызып жіберу үшін ғана пайдаланылып келеді. Бүгінде шаһар көшелерінің арықтарының шаңы шығып жатыр. Бұған кім кәнәлі? Осылай жалғаса берсе қаланың экожүйесі бұзылып, соңы табиғи апатқа айналып кетпейді ме?

Қазір Шымкенттегі жасыл белдеуді арнайы техникалармен және арнайы жүйелермен суғаруда. Бұл арықтағы ағын суға қарағанда қыруар шығын емес пе? Осы орайда біз Шымкенттегі ирригация жүйесіне жұмсалатын қаржы мен жасыл желекті суғаруға кететін шығын есебін білу үшін Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына ресми хат жолдадық. Егер, «ЖКХ басқармасына жолданған БАҚ өкілдерінің сұрақтары назарсыз қалады» деген қаңқу сөз жалған болып, хатымызға жауап беріліп жатса, есебін толықтай жариялайтын боламыз.

Шымкентте арықтағы ағын судың бөлек ауызсудың да мәселесі қордаланған. Себебі, бүгінде  қаладан шалғай жатқан елді мекендерде бұл проблема өте өзекті. Суды шелекпен таситындары да, ішуге сай келмейтін лас суды амалдың жоқтығынан қолданып отырғандар да бар. Тіпті, өткен жылдары «Тұрлан» саяжайының тұрғындары «құрттап кеткен су ішіп отырмыз» деп те дабыл қаққан еді.

Осынау кезек күттірмейтін мәселелерді шешуге жергілікті билік неліктен қауқарсыз? Бүгінде Шымкенттің аты «үшінші мегаполис» болғанымен, заты бұл атқа әлі де болса лайық емес секілді...

P.S. No-comment.kz редакциясы алдағы уақытта Шымкенттегі коммуналдық мәселелерді терең зерттеп, зерделейтін болады. Себебі, тұрғындарға керегі таза су, сапалы энергия мен газ және қуатты жылу.

No-comment.kz

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Республикалық автомобиль жолдарында 96 жол-пайдалану учаскесі және 125 жол-пайдалану пункті бар. Олар техниканы орналастыру және жол-құрылысы мен...

Қазақстанда республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісі 25 мың шақырымды құрайды, оның 3,6 мың шақырымы...