Карантинде шоуға қатысқан депутат елден дауыс сұрап жүр

Карантинде шоуға қатысқан депутат елден дауыс сұрап жүр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «қазір тойдың емес, ойдың заманы» деп айтқан еді. Бірақ, Президент айтқан бұл сөздің Праламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаевқа еш қатысы жоқ сияқты. Пандемия кезеңінде халық дертке ем сұрап, коронавирустың болуы мүмкін екінші толқынынан шығар жол іздеп жүрсе, бұл халық қалаулысы «маған дауыс бер» деп жүр.

Құрметті оқырман, бірақ сіздер мұны сайлаудың дауысы деп қате ойламаңыздар. Бұл Нұржан Бауыржанұлының ән додасындағы өнеріне сұрап жүрген дауысы. Тіпті, қиын кезеңде елдің жанынан табылуы қажет депутат Нұржан Әлтаев әнші Ардақ Балажановамен бірге «бізге дауыс бер» деген жарнамасын өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жариялап қойыпты. Мейлі, бойында бар өнерін шығарған дұрыс та шығар. Дегенмен, депутаттың дәл қазіргі пандемия кезеңіндегі бұл әрекеті дұрыс па?

Айта кетейік, Парламент Мәжілісінің депутаты қатысып жатқан жоба - бірнеше жылдан бері «Qazaqstan» Ұлттық арнасында ұйымдастырылып келе жатқан «Егіз лебіз» музыкалық талант-шоуы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Нью-Дели, 2025 жылғы 6 маусым – Үндістанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Орталық...

Шакирова  Асия  Мунавирқызы Жаратылыстану бағытындағы биология және химия пәндерін оқытуда кәсіби шеберлігін шыңдап, әріптестеріне үлгі болып жүрген...