Түркістанда 14 жастағы қыз Шымкенттегі жігітіне қашып кеткен

Түркістанда 14 жастағы қыз Шымкенттегі жігітіне қашып кеткен

Түркістан облысының полицейлері үйінен қашып кеткен 14 жастағы жеткіншекті тапты, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғындардың бірі арызданып келген. Әйел адамның айтуынша, 14 жастағы қызы үйінен кетіп, қайта оралмапты. Баланы олар алдымен өздері іздеп таппақ болған, туыстары мен таныстарының үйін аралап шыққан. Алайда, іздеу нәтиже бермеген соң ол тәртіп сақшыларына жүгініпті.

Іздеу жұмыстарының барысында полицейлер жеткіншек қыздың әлеуметтік желі арқылы шымкенттік жігітпен танысқанын анықтайды. Артынша оны мегаполистегі көшелердің бірінен тапқан. Қазір қыз анасының жанында.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Вице-премьер — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру және инфляцияны тежеу жөніндегі апта...

В Шымкенте был организован лагерь дружбы «Біз біргеміз» для молодежного крыла Ассамблеи народа Казахстана. В двухдневном мероприятии приняли участие активисты...