Шымкент: Коммуналдық қызметке көңіліңіз тола ма?

Шымкент: Коммуналдық қызметке көңіліңіз тола ма?

Шымкент қаласындағы өзекті мәселелердің бірі әрі бірегейі – электр желісінің сапасы. Олай деуге кей қала түрғындарының пікірлері мен өзіміз куә болып жүрген жағдайлар түрткі болып отыр.

Негізінен үшінші мегаполисті жарықпен қамтамасыз етіп отырған «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і. Алайда, бұл мекеме өз қызметін жоғары дәрежеде атқарып отыр деп айта аламыз ба?

Қалада жел үп етсе, жарығы өшіп қалатын жерлер аз емес. Ол аз десеңіз, шалғайда орналасқан жеке үйлердің біразына жекеменшік электр желісі тартылған. Ал, амалын тауып пайда тапқысы келетін кәсіпкерлердің тартқан жарығы әлсіз, оған қоса үйге кіргізудің құны біршама қымбат. Тұрғындар қашанға дейін қолда бар жарықтан қиындық көре бермек?

Шымкентте коммуналдық түбіртек (квитанция) таратанын «Омега ХХI» деген мекеме бар. Түбіртектегі сандардың қате жазылғаны туралы жиі естиміз. Тұрғындар осынау мәселені реттеу үшін табанын тоздырып, талай есікке кіріп, уақыты мен жүйкесін сарп етеді. «Энергопоток» ЖШС-не бара қалсаңыз мұндай олқылықтардың салдарынан ұзын сонар кезек күтіп тұрған адамдарды оңай байқайсыз. Байқайсыз да, «қызметіне ақша алған соң, жұмысын дұрыстап істемей ме?» деп бас шайқайсыз.

Тағы бір айта кететін жағдай, кейде қала көшелеріндегі жарық күндіз жанып, түнде өшіп тұратынын да байқаймыз. Мұндай олқылық бірнеше күн бұрын Шымкенттің орталығы болып саналатын Елшібек батыр көшесінде де орын алды. Ал, тұрғындар әлеуметтік желілерде кейбір жерлердің жарығы мүлдем жанбайтыны жөнінде жиі жазады. 

Сонда бір жарыққа қатысты осынша мәселе шешілмей жатқанда қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы немен айналысып отыр деген заңды сұрақ туындайды. Аталмыш салаға жауапты қала әкімінің орынбасары ше?..

 Ал, Сіздің коммуналдық қызметке көңіліңіз тола ма, құрметті оқырман?

 

No-comment.kz

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ