ТҮРКІСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ

ТҮРКІСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында: Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды. Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды.
Осындай аса маңызды шақта зор экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар. Ол үшін біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек. Бұл жұмысты батыл жүргізуіміз қажет. Басты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетістіктерге қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс. Әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік жаңа экономикалық бағдарымыздың өзегіне айналады»,- деп ерекше атап өтті.
Түркістан қаласында жергілікті халық саны артып келе жатқаны анық. Осыған орай Мемлекет басшысының Жолдаулары мен жүктеген міндеттерінде айтып өткеніндей, халықты баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар және өңірлердің инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін дамыту – негізгі басымдықтардың бірі болса, тарихи мекенде бұл салада атқарылып жатқан шаруалар аз емес екенін атап өткен жөн.
Облыс орталығы болғалы бері қаламызда 163 тұрғын үй салынып, 9397 отбасы баспаналы болды. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта 4439 пәтерлі 66 үйдің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде биыл 59 үйді (3377 пәтер), келесі жылы 7 үйді (1062 пәтер) пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар жеке инвестиция есебінен 2700 пәтерлі 46 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Жаңа үйлердің құрылысымен қатар бұрыннан бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Атап айтқанда, қаладағы 1-ші, 2-ші және «Отырар» шағынаудандарындағы, Бокин көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің аулалары абаттандырылады. Сондай-ақ балаларға арналған спорт алаңшалары орнатылып, саябақтар, гүлзарлар көгалдандырылуда.
2022 жылға 217,8 мың шаршы метрді құрайтын 3 392 пәтерлі 53 тұрғын үйдің ипотекамен берілетін пәтерлер 2683, кезектегі отбасыларға берілетін 709 пәтер құрылысы жүргізілді. Аталған үйлердің 2 706 пәтері несиелік жүйемен сатылса, 686-сы кезектегі отбасыларға үлестірілген. Сонымен қатар пайдалануға берілген пәтер саны өткен жылдармен салыстырғанда екі есе артқанын да айта кету керек.
Жыл қорытындысымен 202,4 мың шаршы метр 3155 пәтерлі 49 үй ипотекамен берілетін пәтерлер 2482, кезектегі отбасыларға берілетін 673 пәтер пайдалануға берілді. Бүгінде 12 мыңнан астам азамат тұрғын үй кезегінде тұр.
Сонымен қатар, 7 қабатты 64 тұрғын үйге жаңадан жоба жасалып, сараптама қорытындысы алынды. Аталған үйлердің құрылысын салып аяқтауға қаржы бөлдіру бойынша бюджеттік өтінім берілді.
Қазіргі таңда жыл басынан бері тұрғын үйлердің құрылысы аяқталған жоқ. Бүгінде қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Биыл мемлекеттік бюджет есебінен салынған 4 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі және салынып жатқан үйлердің басым бөлігі ипотекамен беріледі деп жоспарлануда.
Қазіргі таңда төрт ірі жоба іске асып жатыр. Бірінші – Яссы-Шауғар мөлтек ауданында су құбыры желілерін қайта құру жобасы 2021 жылы басталып жоспар бойынша 2023 жылы аяқталуы тиіс. Жобаны «Азия-Сервис» ЖШС жүргізуде. Одан бөлек 1-2 мөлтек ауданы және Ремзауыт аумағында ауыз су құбырларын қайта жаңғырту жобасы жүруде. Бұл жобаны «Құрылыс -Тед» ЖШС жүргізуде. Бұл да 2021 жылы басталған. Жыл соңына дейін аяқталып, толықтай пайдалануға беріледі. Үшінші бағыт Мақтазауыт аумағында ауыз су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстарын «Үш сай» ЖШС жүргізіп жатыр. Ал, төртінші жоба «Түркістан қаласындағы жаңа қоныстанған тұрғындарды ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы» деп аталады. Бұл бірінші кезекте, әлбетте су жүйесі тартылмаған жаңа аумақтар, сосын ескі (бұрыннан бар) аумақтарда су тартылмаған көшелерді қамтиды. Бұған дейін қаланың көп бөлігінде ауыз су жүйесі құрылмаған. Тұрғындар құдық қаздырып, жерасты суларын пайдаланып келген. Мысалы, Шауғар мөлтек ауданындағы Н.Төреқұлов көшесіне осы уақытқа дейін су жүргізілмеген. (Бұрын ол аумақта түрме болған екен, 90-жылдардан кейін үйлер салынып, бірнеше көше түсіп қазір үлкен аумақ саналады). Осы Н.Төреқұлов көшесі аумағы, Отырар тұрғын үй алабында, Оралман, Яссы-Шауғар, Бірлікте (Бірлік аумағы қатты өріс алып, ұлғайып кеткен) қаншама көшелерге ауыз су жүйесі тартылмаған. Жаз айларында ол аумақтарда жерасты (құдық) су көздері тартылып кетіп, тұрғындар судан тапшылық көреді. Осы жағдайлардың барлығын ескеріп аталған жаңа аудандарды (оның ішінде ескі көшелер де бар) су құбырлары тартылып жатыр. Бұл жобаны «Бақ береке-2030» ЖШС жүргізуде. Қала тұрғындарын ауыз сумен қамту осылай 4 ірі жоба аясында жүріп жатыр. Осы жобалар толық жүзеге асқанда тұрғын-дарды ауыз сумен қамту көрсеткіші – 99,9 пайызға жетпек деп көзделуде.
Бүгінде Түркістан қаласында су ресурстарын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Осы бағытта «Түркістан-Су» МКК Түркістан қаласын сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсетіп, тиісті жұмыстарды жүргізуде. Бұл кәсіпорын Түркістан қаласын таза ауыз су Кентау қаласынан «Шобанақ» су қоймасындағы 40 000 м3 су жинағыш қоймасы арқылы 800 мм, 2 су құбырымен тасымалданып, ӘІО-дағы көпқабатты үйлердің тұрғындарын және әлеуметтік нысандар үшін 16000 м3 су жинағышына, қала ішіндегі 16 000 м3-тың су жинағыш қоймасына құйып, 2-ші көтерімдік насостары арқылы 39180 тұрғындармен, 629 әлеуметтік нысандарға 24 сағат тоқтаусыз таза сумен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын.
Өткен жылдың 1 қаңтарына «Түркістан-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызмет көрсететін жалпы су құбырлар қала ішінде 1738,5 км. Жалпы, су құбырлар желісінің 1965 – 1982 жылдары салынған 143,2 км су құбырының 80%-ның тозығы жеткен. Қазіргі уақытта 1965-1982 жылдардан бері салынған су құбырлары қалалық бюджеттің есебінен алмастырылып жатыр.
Сонымен қатар, сарқынды су желісі- 127,25 км, оның ішінде магистральдық –39 км, көшедегілер желісі – 40 км, ішкі орамдағы және ішкі ауладағы желілер – 48.2 км құрайды. Қаладағы құдықшалар саны 2022 жылдың 1 қаңтарына – 10960 құдықша болды. Оның ішінде- 9330-таза су, 1627-сарқынды су желілерінде орналасқан.
Қазіргі тад қалада 18 дана су ұңғысы және 3 топтамалы су қоймасы бар, олар:Водозабор № 3 топтамалы су қоймасында – 5 су ұңғысы ЭЦВ – 10 насостарымен жабдықталған. 5 су қоймасы бар, оның екеуінің сиымдылығы 3000м3, 1 дана- 3000м3, және құрылысы -өткен жылы аяқталған екі дана х 5000 м3 су қоймасы жұмыс істейді. Екінші көтерілімдегі насос станциясы 3 дана «Д» маркалы насостармен жабдықталған, оның екеуі – 75 квт-тық, біреуі 125 квт-тық насостар. Одан бөлек, «Сельмаг» топтамалы су қоймасындағы 4 дана су ұңғысының үшеуі ЭЦВ 6 – 1 дана насосымен, қуаты 8квт/сағ, біреуі – ЭЦВ-8 – 8,1 квт/сағ насосымен, 2 дана, 3К9 – 7,5 квт-тық 1 дана насосымен жабдықталған болатын. Ол аумақ көріктендіру, көгалдандыру мақсатында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес «Түркістан-Су» МКК теңгерілімінен алынды. Бүгінгі таңда барлығы тоқтап тур. Облыс әкімінің қолдауы бойынша 4 су ұңғымасына қосымша 2 х 2500м3 резервуар салуға ПСД дайындалып, құрылыс экспертизадан өткізілген.
Бүгінде қала бойынша қуаттылығы тәулігіне 20000 м³ сарқынды су тазарту ғимараты бар. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500- 5000 м³, 27 дана КНС, 127 шақырым сарқынды су құбырлары қолданыста. Бүгінгі таңда сарқынды су жүйесіне пайдалану көрсеткіші 27 пайыздан 32 пайызға жетіп отыр. Бұл бағытта да жүйелі және қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кәріз жүйесін жүргізу бойынша да бірнеше жоба қолға алынған. Атап өтер болсақ, 2021 жылы басталып 2023-2024 жылдары аяқталатын жалпы 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олар «Тұран-2», «Отырар-2», «Яссы-Ыждыхат», «Бекзат», «Ортақ-1», «Ортақ-2» аумақтары бойынша жүруде. (Жоба құны 24 009,0 млн.теңге. нәтижесі: 34 157 абонентті қамтиды). Ортақ аумағы өте кең, көлемді аумақ болғандықтан 3 кезеңге бөлініп атқарылуда екен. Бұл жобалар 2021 жылы басталып, бірқатары биыл аяқталмақ. Басым көпшілігі 2024 жылы өз мәресіне жетеді. Кәріз жүйесі құрылысы көбірек уақыт талап ететін ауқымды жоба болғандықтан қаланың түрлі аумақтарында қолайсыздықтар туындайды. Бұрын асфальтталған жолдар бұзылып, шаң-тозаң, қыста лай-батпаққа айналады. Осы ретте сала мамандары орын алған қолайсыздықтарға тұрғындардың түсіністікпен қарауын сұранады.
2024 жылы аталған жобалар аяқталған кезде қаланы кәріз жүйесімен қамту деңгейі 50 пайызға жететін болады. Бұлардан кейінгі кезекте «Түркістан-Қызылорда» массивін де сарқынды су жүйесі құрылысы басталады. Яғни, екі нысанның «Ортақ 3» пен «Баянауыл» аумағының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс бастауға дайын. 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Сол кезде қаланы кәріз жүйесімен қамту – 95,5 пайызға жетпек.
Кәріз жүйесімен қамту маңызды мәселе. Бірінші кезекте ол қаланың экологиялық, санитарлық жағдайының қалыпты болуы, тұрғындардың денсаулығы үшін маңызды. Бүгінде тұрғын үйлердің дені «септикті» пайдаланады. Алайда, олардың көбі талапқа сай емес. Септик толықтай бетондалып, сыртқа бір тамшы да шықпайтын, толған уақытында сорғы мәшинелерімен сыртқа шығарып тастап отыруы тиіс. Үй ішінен шыққан сарқынды суды бетондалмаған, жай бір шұңқыр іспетті қазылып, бетін жауып қалдық суларды сонда жіберу антисанитариялық жағдай екенін ұмытпаған абзал. Ол лас су жер астына сіңіп, әлгі 21 су ұңғымасына қосылып жатыр. Ауаны ластап жатыр. Бұл мәселелер яғни ауыз суды пайдаланып болған соң, сарқынды суларды да техникалық мақсаттарға тиімді пайдаланудың кешенді шараларын қолға алған жөн.
Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы демалыс аймағын қалыптастыру мақсатында «Жібек жолы», «Президент» саябағы, Саттарханов, Яссы көшелеренің бойында Желілік саябақтар, «Отбасы», «Денсаулық» саябақтары ашылды. Көгалдандыру жұмыстары өте қарқынды жүріп жатыр.
2020 жылы көшелерді түнгі жарықтандырумен қамту деңгейі 31 пайыз ғана болған, яғни, небәрі 269 көше қамтылған еді. Биыл 86 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін жарықтандырылған көшелердің саны 757-ге дейін жетеді теңге.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ