Қыдырбаевтың бұл әрекеті «Nur Otan» партиясының принципіне сәйкес келе ме?

Қыдырбаевтың бұл әрекеті «Nur Otan» партиясының принципіне сәйкес келе ме?

Күні кеше редакциямызға «Inter Press ВК» ЖШС-нің директоры Бекнұр Батырбекұлы шағымданды. Өз шағымында кәсіпкер Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Бақыт Қыдырбаев жұмыс істеуге кедергі жасап жатқандығын айтты.

Бекнұр Батырбекұлы Шымкент қаласындағы ескі ғимараттардың бірін сатып алып, оны күрделі жөндеуден өткізіп студенттерге жатақхана етіп бермек ниеті бар. Жұмысты да бастап кеткен. ҚР Білім және ғылым министрлігінің келсімімен, сондай-ақ, барлық құрылыс нормаларына сәйкес жұмыс істеп жатқандығын жеткізген Б. Батырбекұлы қалалық мәслихат депутаты қандай мақсатпен тексеріп келгендігін білмей дал. Кәсіпкердің айтуынша, депутат құрылыс нысанына баса көктеп кірмек те болған.

«Жалпы, құрылыс нысандарын тексеретін арнайы органдар бар. Нысанды тексермес бұрын олар заңды құжаттарын көрсетеді. Әр нәрсенің өз тәртібі бар. Бақыт Қыдырбаев басында өзін таныстырған да жоқ. Қасына әкімдіктің қызметкерлерін ертіп алып, қоқан-лоқы көрсетті. «Көрсетем сендерге әлі!» деп кетті. Екі қолы қалтада. Халықпен олай шіреніп сөйлесуге болмайды ғой» дейді Бекнұр Батырбекұлы.

Анықтағанымыздай, нысан басына бейресми тексерумен келген шынында да Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Бақыт Қыдырбаев болып шықты. Б. Қыдырбаев осыдан бір ай бұрын өткен мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің квотасы арқылы праймеризге қатыспай-ақ депутат болған. Сәйкестік пе, әлде кездейсоқтық па, Әйтеновпен түйдей құрдас Қыдырбаев та - Мақтаарал ауданының тумасы.

Жасыратыны жоқ, Әйтенов болмаса Қыдырбаевтың кім екендігін мына жұрт білмес еді-ау. Қаншалықты рас-өтірігін білмейміз, бірақ «Мұрат Дүйсенбекұлы оның депутат болуына көмектесті» деген әңгіме елдің аузында жүр.  Әйтеновтің ойында «Қыдырбаев жұмыс көрсетіп, өз көмегін тигізеді» деген үміті болған шығар. Алайда, Қыдырбаев не істеді?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіпкерлерді барынша қолдап, оларға тексеру жүргізуге мораторий жариялады. Ал, Қыдырбаев Президентке де, әкімге де «түкіргенім бар» дегендей тексеру ұйымдастырған сияқты. Бұл әрекетімен ол Әйтеновке күйе жағып, опасыздық жасаған жоқ па? Себебі, жұрт оны Әйтеновтің жерлесі Һәм командасы деп біледі.

Депутаттық мандатты иеленіп, өзіңізді Құдай сезіну жарамайды, Бақыт Съездұлы! Тағы да айтамыз, Әйтенов болмаса сіз кім едіңіз? Бар жоғыңыз белгісіз, немен айналысып жүргеніңіз беймәлім Қыдырбаев едіңіз.

Немен айналысады демекші... Қыдырбаев құрылыс нысандарын тексеріп, «ақыл айтатындай» осы саланың маманы ма? Ғаламтордағы дереккөзге сүйенсек, Б. Қыдырбаев «Достар Elit» ЖШС-нің директоры. Ол басқаратын мекеме жанар-жағармай сатумен айналысады екен. Саудагерлікпен айналысып жүрген адам құрылыс нысанын тексергенін қалай түсінеміз? Халық қалаулысы бола ма, әкімнің қалаулысы бола ма – депутат елге қызмет ету керек. Заңды білу керек! Кәсіпкерлерді бопсаламай, қолдау керек. Бір сөзбен айтқанда, ел мүддесі үшін жұмыс істеу керек.

Осы аптаның басында ҚР Ұлттық эконимика министрі Әсет Ерғалиев мәжілісте депутаттарды қайта оқыту мәселесін көтеріп, оған қазынадан 647 миллион теңге бөлу жөнінде айтқан. Қоғам бұл мәселені теріс қабылдағанын жасырмаймыз. Сөйтсек министр дәл осы Қыдырбаев сияқты депутаттарды қайта оқыту керек деген проблема көтеріпті ғой. Өз балдарын әрең оқытып жүрген қазақстандықтар енді Қыдырбаевтарды оқытса жетіскен екенбіз.

(Сурет Б. Қыдырбаевтың Фейсбук парақшасынан алынды).

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...