Барлық азаматтарымызды вакцина салдыруға шақырамын - Тоқаев

Барлық азаматтарымызды вакцина салдыруға шақырамын - Тоқаев

Екі ай ішінде Қазақстан халқының 0,1% ғана коронавирусқа қарсы екпе салдырған. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында жазды. Президент коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте індетті жеңудің жалғыз жолы вакцина салдыру екенін айтты.

«Үкімет отандық вакцинаны шығару және шет елден әкелу арқылы сәуір айында жағдайды күрт өзгертуге тиіс. Барлық азаматтарымызды вакцина салдыруға шақырамын. Бұл өзіңіздің, ата-аналарыңыз бен жақындарыңыздың сақтығы үшін қажет», - деп жазды ол.

Президент ҚХР, Израиль, БАӘ тәжірибесін мысалға алып, екпе ектірудің ойластырылған стратегиясы мен локдауннан шығу ғана азаматтарымыздың күнделікті өмірін қалпына келтіруге және экономиканың барлық секторының, оның ішінде, пандемиядан зардап шеккен салаларды қайта жандандыруға жол ашатынын көрсетіп отырғанын айтты.

«Пандемия жағдайында бизнесті шектеу мен тексеру шаралары ашық жүргізілуі керек. Жүйелі түрде, қасақана тәртіп бұзғандарды ғана жазалау қажет. Прокуратура жанынан рейд кезіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы хабарлайтын колл-орталық ашылуы тиіс.

Үкімет Парламентпен бірлесіп мына уақытша шараларды жүзеге асырғаны жөн: 1. Зардап шеккен салалардағы шағын және орта бизнес нысандарының жекелеген салықтары мен төлемдерін шегеру; 2. Салықтық және кедендік қарыздарын мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтату», - деп жазды Президент.

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласына шектен тыс күш түсу қаупі барын ескертті. Үкімет пен әкімдер шұғыл түрде жансақтау бөлімдерін құралдармен жабдықтап, оған бас дәрігерлер мен әкім орынбасарларын жауапты ретінде бекітуі керек.

Денсаулық сақтау министрлігі мен «СҚ-Фармация» басшылығы медицина қызметкерлеріне берілетін жеке қорғаныс заттарының сапасы мен тиісті көлемде жеткізілуін қатаң бақылауы қажет.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...