Бүгін Мәжілістің жалпы отырыста депутаттар Жер қатынастарын дамыту туралы заң жобасын мақұлдады.
Заң жобасы Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен әзірленген. Осы құжат аясында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді жалға беру заңмен бекітілді.
Жалпы, заң жобасында жерді жеке меншікке беру 5 жылға тоқтатылады. Қазақстандықтардың ауыл шаруашылыққа бағытталған жерлерін мемлекеттен сатып алмай, жалға беру құқығын иеліктен шығаруы мүмкіндігі қарастырылған.
Мәжіліс спикері жалпы заң жобасы жеке мал жаю үшін қажетті жайылым тапшылығын шешуге ықпал етіп, сондай-ақ, жер учаскелері бойынша ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығы да күшейетінін атап өтті.
Заң жобасында мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылатын, ұзақ мерзімдік жалға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша ақпаратқа (дербес деректерді көрсетпей) ашық қолжетімділік беру көзделеді.
Жалпы, заң жобасында мына нормалар көзделген:
мемлекеттен сатып алмай, жер пайдаланушылар арасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жалдау құқығын иеліктен шығару. Бұл ретте оларды пайдалану мерзімі – кемінде бес жыл, сондай-ақ жер қатынастары органдарын хабарлау міндетті шарт болып табылады.
жер ресурстарын басқару комитетінде жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функцияларын әкімдіктерден қайтару;
жер үлестері есебінен құралған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін кепілге салу кезінде үлес иелерінің келісімі болғанда рұқсат беру;
ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын бағбандық және саяжай құрылысына өзгертуге тыйым салу;
жер беру комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімін белгілеу бойынша нормаларды нақтылау;
халықтың мұқтажын қанағаттандыру мақсатында жергілікті жағдайларды ескере отырып, жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларда қажетті жайылым алқабының шекарасын айқындау;
берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы мәліметтерді мемлекеттік жер кадастрының интернет ресурсында ашық түрде орналастыру.