Қазақстанда 125 миллион тонна қоқыс жиналып қалған

Қазақстанда 125 миллион тонна қоқыс жиналып қалған

Қазақстанда 125 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдық (ҚТҚ) жиналып қалған. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

«2020 жылғы ластаушы заттардың нақты шығарындылары мен төгінділері 2019 жылдың деңгейіне ұқсас және 2,5 миллион тонна болды. Бүгінде елімізде 125 миллион тонна ҚТҚ жинақталған. Оларды қайта өңдеу үлесі 2019 жылғы 15 пайыздан 2020 жылы 18,3 пайызға артты.

Қайта өңдеудің төмен үлесінен басқа, қазір ҚТҚ полигондарының нормаларға сәйкес келмеуі және апатты үйінділер өткір проблема болып қала береді», - деді министр.

Экологиялық мониторинг қорытындысы бойынша, ауа жоғары деңгейде ластанған қалалар - Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент аталды.

Айта кетейік, бұған дейін министр былтыр өнеркәсіптік кәсіпорындар атмосфераға 2,5 миллион тонна ластаушы заттар шығарғанын, олардың 37 пайызы немесе 900 мыңнан астамы көмір станцияларына тиесілі екенін хабарлаған болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Нью-Дели, 2025 жылғы 6 маусым – Үндістанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Орталық...

Шакирова  Асия  Мунавирқызы Жаратылыстану бағытындағы биология және химия пәндерін оқытуда кәсіби шеберлігін шыңдап, әріптестеріне үлгі болып жүрген...