АШМ: Қазақстанда жарты айдан астам уақытқа жететін картоп қоры бар

АШМ: Қазақстанда жарты айдан астам уақытқа жететін картоп қоры бар

Қазақстанда картоп жеткілікті: 11 маусымдағы жағдай бойынша республикада 70 мың тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры бар, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Белгіленген тұтыну нормаларына сәйкес, елдегі картоп қоры жарты айдан астам уақытқа жетеді (халықтың жан басына шаққанда жылына 95 келі норма болғанда, еліміздің халқы күніне 4,9 мың тонна картоп тұтынады).

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, жыл басынан бері картоптың құны 48,6%-ға өсті. Бұл өсім маусымдық сипатқа ие. Мысалы, 2020 жылы дәл осы күні статистика органдары картоптың 46%-ға жуық өскенін тіркеген.

Маусымдық бағаның өсуіне делдалдар мен сауда объектілерінің үстемені көп қосқаны әсер еткен.

Айта кету керек, маусым айынан бастап оңтүстік аймақтарда ерте пісетін көкөністер мен картоптың жаңа өнімі жаппай жинала бастады. Мұнда биылғы картоптың бағасы тоннасына 175-200 мың теңге аралығында. Жақын арада жаңа өнімдерді жеткізу нарықтағы бағаға едәуір оң әсер етуі мүмкін.

«Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарына ерте пісетін картопты Түркістан облысынан сатып алу ұсынылады.

Биылғы картопты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының нарығына жеткізуді ұйымдастыру үшін оператор ретінде «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ны іске қосу қажет.

Сондай-ақ, әкімдік ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен жеткізе отырып, жәрмеңкелер ұйымдастыру ұсынылады», - деп мәлімдеді АШМ. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...