Әлемдегі ең табысты әншінің есімі белгілі болды

Әлемдегі ең табысты әншінің есімі белгілі болды

Forbes журналының жыл сайынғы рейтингісіне сәйкес әйгілі рэпер Канье Уэст әлемдегі ең табысты әнші атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Танымал әрі ең табысты жұлдыздардың арасында модельдер, әншілер, спортшылар мен актерлер бар. Forbes журналының тізіміндегі бірінші орынды америкалық модель, Kylie Cosmetics брендінің негізін қалаушы Кайли Дженнер иеленді. Дженнер фирмасының 51 пайызын сату арқылы 590 миллион доллар тапқан. Екінші орында табысы 170 миллион долларды құраған рэпер Канье Уэст тұр. Ол өзінің Yeezy брендті кроссовкаларын сатып, қаржылық жағдайын бірнеше есеге арттырған. Үздік үштікті швейцариялық теннисші Роджер Федерер қортындылады. Оның табысы 106,3 миллион долларды құрап отыр. Теннисші бұл қаражатты жарнамалық келісімшарттар арқылы тапқан. Сондай-ақ, айта кету керек, табысы көп жұлдыздардың ондығына Криштиану Роналду (105 миллион доллар), Лионель Месси (104 миллион доллар), Тайлер Перри (97 миллион доллар), Неймар (95,5 миллион доллар), Ховард Стерн (90 миллион доллар), Леброн Джеймс (88,2 миллион доллар) және Дуэйн Джонсон (87,5 миллион доллар) енді.

Ал өткен жылы ең табысты әншілердің көшін поп-әнші Тейлор Свифт бастаған еді.

https://kaz.nur.kz/1872446-lemdegi-e-tabysty-nsini-esimi-belgili-boldy.html

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Отбасы құндылығын дәріптеу мен жастар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кездесу өтті. Индустриалды-техникалық...