"Аузынан түсіп қалғандай": Төреғали Төреәлі алғаш рет халыққа ұлын көрсетті

"Аузынан түсіп қалғандай": Төреғали Төреәлі алғаш рет халыққа ұлын көрсетті

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Төреғали Төреәлі алғаш рет қалың көпшілікке ұлын көрсетті. Өнер иесі бұған дейін Төренұрдың суретін еш жерде жарияламаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі өзінің туған күнінде жасалған фотолармен бөлісіп, Instagram парақшасында алғаш рет ұлымен түскен суретін ел назарына ұсынды. Бұған дейін жұлдызды отбасы Төренұр Төреәлінің түрін еш жерде көрсетпеген болатын. Алайда, эстрада жұлдызы жеке мерекесіне орай, барша жанкүйерлеріне бір қуантып алған. Желі қолданушылары бірден әкесі мен ұлының суретін қызу талқылап, олардың өзара қатты ұқсайтындарын жазды. ""Сізден аумай қалған. Тіл көзден аман болсын құлыншақ" , "Аузыңыздан түсіп қалғандай" , "Ұқсамасаң тумағыр" , "Туған күн құтты болсын сәби атасымен әкесіне тартсын бақытты болсын" , "Кішкентай Төреғали ғой, ғұмыр жасы ұзақ болсын", "Төреғалидің көшірмесі" , "Төреш өзіңнен айнымай қалған" , "Әкесінен айнымай қалыпты ұлы" , "Атасы мен әкесінің ортасында неткен керемет көрініс" , - деп пікірлерін білдірді желідегілер.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау,...

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер...