Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов екі рет ажырасып кетсе де, үшінші мәрте отау құруға ниетті екенін жасырмады. Көпбалалы әзілкеш тіпті қалыңдықты іздеуді бастап кеткен. Алайда, бұл жолы ол болашақ жарына деген талаптарын өзгерткен. Енді өнер иесі тек хиджаб киген аруды таңдайтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дәурен Айдарқұлов екі некесі де сәтсіз аяқталғанымен мойымай, өз бақытын үшінші рет сынап көрмек. Өнер иесі бұрынғы жары Ақбота Сейітмағамбетті қимай жүрсе де, қалыңдықты іздестіруді бастап кеткен. Бірақ, бұл жолы белгілі актер болашақ әйеліне деген талаптарын күшейтіп тастаған. Ол үшінші келіншегі ретінде тек оранған хиджабтағы қызды ғана алатынын айтты. Айдарқұлов «Talk Like» бағдарламасында жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды.
«Енді үшіншісін іздеп жатырмыз. Негізі қарайласып жүрмін. Бірақ, енді болашақ жарымды хадиске сай таңдаймын. Яғни, оның сұлулығына, тегіне, жағдайына және иманына қарау керек. Төртінші қағида ең маңызды әрі бастысы болып табылады. Сол себепті, мүмкіндік болса, Алла тағаладан үшінші жар ретінде оранған хиджабтағы аруды сұрап жүрмін» деп айтты Айдарқұлов.