«Апорт» алмасы әлемдік нарықта: Үкіметте қазақстандық алма сортын қайта жаңғырту бағдарламасы таныстырылды

«Апорт» алмасы әлемдік нарықта: Үкіметте қазақстандық алма сортын қайта жаңғырту бағдарламасы таныстырылды

Теңдесі жоқ қазақстандық «Апорт» алмасының ерекше хош иісі мен әрқайсысы жарты келі салмақты болып, қайтадан дүкен сөрелерінде пайда болып, экспортқа шығарылуы үшін не істеу керек? Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ұлттық ауыл шаруашылығы ғылыми-білім беру орталығы (ҰАҒБО) Апорт алмасын қайта жаңғырту бағдарламасын әзірледі, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

«Апорт» - өте талғампаз алма ағашының түрі, оны өсіру мен күтудің ерекше жағдайларын талап етеді. Сапалы жемістерді тек теңіз деңгейінен кем дегенде 850 м және 1 250 м биіктікте өсетін бақтардан алуға болады. Алматының тау етегінде және жақын маңдағы Алматы облысында мұндай учаскелер көп емес. 4-6 жылдан кейін толық жеміс бере бастайтын басқа алма ағашы түрлерінен айырмашылығы, «Апортқа» 8-9 жыл қажет. Дегенмен, қазақстандық «Апорт» өзінің сапалық сипаттамаларының арқасында ел тұрғындарында үлкен сұранысқа ие және шетелдіктердің қызығушылығын тудырады.

«Апортты» қайта жаңғырту бағдарламасы 2024-2028 жылдарға арналған. Бағдарламаның операторы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҰАҒБО болады, ал ғылыми-технологиялық және әдістемелік қолдауды Қазақстан жеміс-жидек және көкөніс ғылыми-зерттеу институты қамтамасыз етеді. «Апортты» қайта жаңғырту бағдарламасын іске асыруға жеке инвесторлар мен мамандандырылған питомник шаруашылықтары қатысады.

Бағдарламаның төрт жылы алма бақтарының толық көлемде коммерциялық өндірісін бастау үшін қажетті мөлшерде көшет өсіруді қамтиды. Бірінші кезеңде, 2024 жылы «Сиверс» алмасының тұқымдарын жинау және қазақстандық «Апортты» өсірудің ұлттық стандарттарының жобаларын әзірлеу жүзеге асырылады. 2025 жылы «Сиверс» алма ағашының көшеттерін ҚазҒЗИЖ ҒЗИ «Талғар» аймақтық филиалында 10 га аумаққа отырғызу басталады, ол питомник шаруашылықтары үшін аналық-көшет бағы болады.

Келесі екі жылда 100 га аумаққа бақ салу үшін жеткілікті мөлшерде көшет өсіру жоспарлануда. Одан кейін жеке бақша иелері арасында «Апорт» өндірісін кеңейту мүмкін болады.

ҚазҒЗИЖ ҒЗИ «Талғар» аймақтық филиалының өкілі Сағи Солтанбеков басқарма отырысында атап өткендей, «Апортты» Қазақстанда қайта жаңғырту үшін қажетті тарихи және селекциялық база бар.

«ҚазҒЗИЖ» ЖШС ғалымдары «Апортты» қайта жаңғырту жұмыстарын 2011 жылы бастаған. Бүгінгі күні «Сиверс» алмасының 1000-нан астам түрі бар, олардың арасынан ДНҚ талдауының нәтижесі бойынша ғалымдар «Апорт қызыл-қанды» сортын өндіру үшін 11 түрін таңдап алды. Бұл түрлер сауықтырылып, 2015 жылы 5 га аумаққа көшеттер отырғызылды, «Апорт» сортын көбейту технологиясына патенттер алынды. 2015 жылы салынған тәжірибелік бақ 2023 жылы жеміс бере бастады, жекелеген жемістердің салмағы 300-500 граммға жетті. Биыл біз 6 тонна «Апорт қызыл-қанды» алдық», — деді ол.

Серік Жұманғарин «Апорт» алмасын қайта жаңғырту бағдарламасының жобасын бекітті, оған қазақстандық ерекше алма сортын насихаттау да кіреді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарының студенттерін бағдарламаны іске асыруға тартуды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғау шаралары қаралды. Тиісті...

Теңдесі жоқ қазақстандық «Апорт» алмасының ерекше хош иісі мен әрқайсысы жарты келі салмақты болып, қайтадан дүкен сөрелерінде пайда болып,...