АӨК саласына көрсетілетін қолдау шаралары: ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі жыл сайын өсім көрсетуде

АӨК саласына көрсетілетін қолдау шаралары: ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі жыл сайын өсім көрсетуде
Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы жыл сайын өсім көрсетуде. 2023 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өнімдері өндірісінің көлемі 2,1%-ға артып, 3,1 трлн теңгеге жетті. Ағымдағы жылдың 9 айында 2,4 трлн теңгеге азық-түлік тауарлары өндірілді. Өткен жылы АӨК өнімдерін экспорттау көлемі 5,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде өңделген өнімдердің үлесі 43%-ды құрады. Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша АӨК өнімдерінің көлемі 3,3 трлн АҚШ долларына тең болса, оның ішіндегі қайта өңделген өнімдер көлемі 55%-ды құрады. Бұл туралы  ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова ОКҚ алаңында хабарлады, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...